«Туризм» білім беру бағдарламасының Б-Тур 25/1 Қ тобының 1, 2, 3, 4 кіші топтары және Б-Тур 26/23 Қ тобының студенттері оқытушылар А.Г. Гиззатжанова мен Н. Шаймураттың жетекшілігімен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ музейлеріне барды.
Экскурсия барысында студенттер жазудың даму кезеңдерімен, тарихи жәдігерлермен және жазба дереккөздердің үлгілерімен танысты. Сондай-ақ білім беру тарихын көрсететін материалдар қарастырылып, университеттің қалыптасуы мен дамуына назар аударылды.
Музейлерге бару теориялық білімді нақты экспонаттар арқылы толықтыруға және тарихи-мәдени мұра туралы түсінікті кеңейтуге мүмкіндік берді. Экскурсия болашақ туризм мамандарының тарихи-мәдени нысандарды туристік ресурс ретінде қарастыруына ықпал етті.


