2026 ж. 18 ақпанЖаңалықтар
Топқа «Сталкингтің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді
Куратор Есентемирова А.К. в целях формирования культуры личной безопасности и повышения правовой грамотности для студентов группы АТжДҚ 25/1 был проведён кураторский час на тему «Профилактика сталкинга».
Іс-шара барысында студенттерге сталкинг ұғымы түсіндіріліп, оның негізгі түрлері (онлайн-қудалау, физикалық бақылау, мазасыздандыратын қоңыраулар мен хабарламалар) қарастырылды, сондай-ақ жәбірленушілерге болуы мүмкін психологиялық салдар талқыланды.

Куратор сағаты барысында:
- сталкингтің негізгі белгілері ашылды;
- жеке деректерді қорғау тәсілдері қарастырылды;
- әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты ұсынымдар берілді;
- өмірлік жағдайлар талданды;
- студенттер арасында талқылау мен пікір алмасу ұйымдастырылды.
Білім алушылар мазасыздандыратын назарға дұрыс жауап беруді, көмекке қайда жүгінуді және проблемамен жалғыз қалмаудың неге маңызды екенін білді.
Өткізілген іс-шара студенттердің жеке қауіпсіздік мәселелеріндегі хабардарлығын арттыруға және өз құқықтарын қорғауға жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті.