Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

AI TALK: идеядан студенттік қауымдастыққа дейін!

AI TALK: идеядан студенттік қауымдастыққа дейін!

Esil University-де «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының апталығы аясында жасанды интеллектке, заманауи технологияларға және студенттік бастамаларды дамытуға арналған «IT Talks: мамандыққа бастар жол» іс-шарасы өтті. Кездесу тәжірибе алмасу, кәсіби пікірталас және жаңа идеяларды талқылау алаңына айналды.

Іс-шараны «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды. Кездесудің модераторы кафедра меңгерушісі Мұхиядин А.Ұ. болды.

Шақырылған спикерлер қатарында: Оразымбетова А. — TechnoWomen басқарма мүшесі, AI, PR және медиа-коммуникациялар саласының сарапшысы; Абрамова Н. — AI саласының сарапшысы, Neuronik және Ozgeshe жобаларының негізін қалаушылардың бірі; Оразалинова Г. — қаржы сарапшысы, кәсіпкер және TechnoWomen көшбасшысы; Есенжолов Ж. — Esil University жасанды интеллект зертханасының жетекшісі болды.

Кездесу барысында спикерлер кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жеке брендті дамыту, PR мен маркетингте жасанды интеллектіні қолдану, қаржылық тәуелсіздік, консалтинг және заманауи digital-технологиялар туралы әңгімеледі. Студенттік идеяларды нақты жобаларға айналдыру, пікірлес команда құру және кәсіби қауымдастық қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Үздік сұрақтардың авторларына шағын сыйлықтар табысталды.

Іс-шара студенттерге IT саласындағы заманауи үрдістермен танысуға, практикалық ұсыныстар алуға және өз жобаларын жүзеге асыруға шабыттануға мүмкіндік берді. Esil University шақырылған спикерлерге мазмұнды баяндамалары, ашық диалогы және тәжірибе алмасқаны үшін алғыс білдіреді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →