Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Бухгалтерлік есеп пен тұрақты дамудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік семинар

Бухгалтерлік есеп пен тұрақты дамудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік семинар

Esil University «Есеп және аудит» кафедрасында бухгалтерлік есептің заманауи тәсілдеріне, экологиялық басқарушылық есепке және тұрақты дамуға арналған екі ғылыми-білім беру іс-шарасы өтті. Семинарларға «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының докторанттары мен кафедра оқытушылары қатысты.

Докторант Тушинский Д. Н. «Бухгалтерлік есептің заманауи тұжырымдамалары мен әдіснамалары» тақырыбында баяндама жасап, есеп қызметін дамытудың өзекті ғылыми тәсілдерін таныстырды. Алматы қаласынан онлайн қосылған докторант Китапова Г. «Қазақстан кәсіпорындарында экологиялық басқарушылық есепті қалыптастыру негізі» тақырыбындағы зерттеуін ұсынып, Қазақстан кәсіпорындарында экологиялық басқарушылық есепті қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

Семинарлар барысында қатысушылар бухгалтерлік және экологиялық басқарушылық есептің заманауи әдістерін, цифрлық есептілік, тұрақты даму және ғылыми зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады. Іс-шараларды ұйымдастыруға экономика ғылымдарының докторы, доцент м. а. Успамбаева М. К. және экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Оралбекова Ж. К. жауапты болды.

Іс-шаралар кәсіби тәжірибе алмасуға, диссертациялық зерттеулердің нәтижелерін талқылауға және докторанттар мен оқытушылар арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Мұндай семинарлар ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және есеп пен аудит саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →