Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Академиялық адалдық мәселелері бойынша әдістемелік семинар

Академиялық адалдық мәселелері бойынша әдістемелік семинар

«Экономика және маркетинг» кафедрасында профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Академиялық адалдық – сапалы білім беру мен саналы тұлғаны қалыптастырудың негізі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинарды кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.К. Замбинова және оқу-әдістемелік жұмысқа жауапты аға оқытушы Н.В. Шереметова ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты – оқытушылардың академиялық мәдениетін арттыру, білім беру нәтижелері үшін кәсіби жауапкершілікті қалыптастыру және жеке үлгі арқылы академиялық адалдық қағидаттарын нығайту.

Семинар барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, плагиат пен көшіріп алудың алдын алу, оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау, сондай-ақ ақпарат көздері мен жасанды интеллект құралдарын дұрыс пайдалану мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі екені атап өтілді. Академиялық топ эдвайзерлеріне аралық бақылау мен қысқы емтихан сессиясына дайындық аясында академиялық адалдық тақырыбында кураторлық сағаттар өткізу ұсынылды.

Академиялық адалдық мәселелері бойынша әдістемелік семинар
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →