СГД кафедрасының оқытушылары Аден А. және Ешниязова А. Статистика 26/1 тобының 1-курс студенттерімен академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыруға және ақпарат көздерімен сауатты жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс жүргізді.
Іс-шаралар аясында жасанды интеллектіні пайдалану этикасы мен академиялық құқықбұзушылық мәселелеріне арналған пікірталастар мен рөлдік ойындар ұйымдастырылды. Студенттер талқылауларға қатысып, өз көзқарастарын дәлелдермен жеткізді, сондай-ақ дәйексөз келтіру және академиялық рәсімдеу талаптарын сақтай отырып, презентациялар мен рефераттар дайындады.
Зерттеу жұмыстарына да ерекше назар аударылды. Бірінші курс студенттерінің оқу жұмыстарын орындау барысында жиі жіберетін қателіктеріне талдау жасалып, ақпараттың шынайылығы, дереккөздерді дұрыс пайдалану және плагиаттың алдын алу талаптары қарастырылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша студенттер академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын меңгеріп, университеттің академиялық саясатымен танысты және оларды оқу мен зерттеу қызметінде қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырды.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)