2025 ж. 11 ақпанЖаңалықтар
Рекрутер құзыреттіліктері: Esil University студенттері семинарға қатысты
Esil University «Менеджмент» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Шаяхметова Күлшария Оракпаевна және 7GENERATION GROUP компаниясының Senior IT-Recruiter Нурали Алла «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне (Б-Мен-22/1р тобы) «Персонал сапасын басқарудағы рекрутердің құзыреттіліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Нурали Алла — трафикті талдау және басқару шешімдерін әзірлеумен айналысатын жоғары технологиялық компания 7GENERATION GROUP өкілі.


Семинар барысында студенттер қазіргі жағдайдағы рекрутердің негізгі құзыреттері туралы толық ақпарат алды, олардың ішінде:
• аналитикалық ойлау және деректермен жұмыс;
• коммуникативтік дағдылар;
• үміткерлерді бағалау әдістерін білу;
• автоматтандыру және HR-технологияларды қолдану дағдылары;
• кандидатқа бағдарлану және жұмыс берушінің бренді;
• процестер мен жобаларды басқару дағдылары;
• бизнес-процестерді түсіну.
Семинар студенттер, спикер және оқытушы арасындағы белсенді диалог форматында өтті, бұл қатысушыларға тақырыпты тереңірек түсінуге және қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.