Магистр, аға оқытушы Ерсайын Дулатұлы Сәбидолла Б-Тур 24/1 тобының студенттерімен емтихандар мен межелік бақылау кезінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне арналған пікірталас өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, академиялық адалдық қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру және белгіленген талаптардың бұзылуының алдын алу.
Пікірталас барысында емтихан тапсырмаларын өз бетінше орындау, көшіріп алуға, тыйым салынған материалдар мен электрондық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ плагиатқа жол бермеу мәселелері қарастырылды. Бағалаудың объективтілігіне, өзара құрметке және білім алушылардың жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және академиялық нормаларды бұзуға байланысты практикалық жағдайларды талдады. Кездесу қорытындысы бойынша білімді бақылаудың барлық кезеңінде адалдық, жауапкершілік және академиялық әдеп қағидаттарын сақтау қажеттігі атап өтілді.

-1.png&w=1080&q=75)
-1.png&w=1080&q=75)