2023 жылғы 31 наурызда Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында (Липецк қ.) техникумдар, колледждер, мектептер, лицейлер, гимназиялар студенттері мен оқушылары арасында үздік ғылыми жұмысқа арналған «Қазіргі даму кезеңіндегі Ресей экономикасының өзекті мәселелері» халықаралық байқауы өтті.
«Қаржы» БББ 3-курс студенттері Балабекова Мадина мен Дилимбетова Фариза «Дағдарыстық құбылыстар жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері» секциясы бойынша III дәрежелі дипломға ие болды.
Ғылыми жетекшісі — э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алина Гүлжан Балтабайқызы.
Дипломдар (PDF):


