Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Агния Бартоның 120 жылдығына арналған тәрбие сағаты

Агния Бартоның 120 жылдығына арналған тәрбие сағаты

Esil University-де Агния Бартоның туғанына 120 жыл толуына арналған тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының бірінші курсындағы «СР-3», «СР-4» және «СР-5» топтарының студенттері белсенді қатысты.

Тәрбие сағатын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының орыс тілі секциясының оқытушылары М.Х. Хасенова, Э.А. Урунбасарова, Ф.З. Джаксылыкова, А.А. Утегенова, С.Т. Ускембаева және А.И. Кузнецова өткізді.

Студенттер ақынның шығармашылығы туралы презентациялар ұсынып, оның туындыларындағы адамгершілік, отансүйгіштік және сүйіспеншілік құндылықтарын талқылады. Іс-шара әдеби мұраға құрмет қалыптастыруға және студенттердің рухани-адамгершілік дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →