Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері Әскери музейде ақпаратты қорғау әдістерінің дамуымен танысты

АТДҚ-24/1 тобының студенттері оқытушы Л.М. Абдибекованың жетекшілігімен Әскери музейге барды. Көшпелі сабақ ақпаратты беру, кодтау және қорғау әдістерінің даму тарихын зерделеуге арналды.

Студенттер далалық радиостанциялармен, телеграф жабдықтарымен және механикалық шифрлау құрылғыларымен танысты. Музей экспонаттары арқылы әскери хабарламалардың құпиялылығын сақтау тәсілдерін қарастырып, тарихи кодтау әдістерін қазіргі криптографиялық алгоритмдермен салыстырды.

Сабақ теориялық білімді ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тарихи міндеттерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Университет өкілдері музей басшылығы мен қызметкерлеріне танымдық экскурсия үшін алғыс білдірді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →