Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Esil University-де академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Б-Ст-26/1Р тобының екінші тобында академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Т.К. Бекжанова жүргізді.

Студент Аружан Муратова тақырыптық презентация ұсынып, тапсырмаларды өз бетінше орындау, плагиатқа жол бермеу және ғылыми дереккөздерді дұрыс пайдалану мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың білім сапасы мен білімді бағалаудың әділдігіне кері әсері талқыланды.

Куратор университеттің ресми сайтындағы академиялық адалдыққа арналған бөлімді таныстырып, ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлауға және түсініктеме алуға арналған кері байланыс арналары жөнінде ақпарат берді. Кездесу студенттердің жауапкершілігін арттыруға және адал білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →