«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының кураторлары Қ.Е. Тайнова және М.С. Токашева «Математика 26/1», «Информатика 26/1» және «Информатика 26/23» топтарының білім алушыларына ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында академиялық адалдық қағидалары, Ар-намыс кодексінің негізгі ережелері және бағалау критерийлері түсіндірілді. Әдептілік, адалдық, жауапкершілік пен өзара құрметті сақтау, университет беделіне құрметпен қарау мәселелеріне назар аударылды.
Тақырыптық презентациялар мен нақты мысалдар арқылы академиялық талаптарды сақтау жолдары көрсетілді. Сабақ соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

