Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Менің Республикам — менің мақтанышым» атты кураторлық сағат өтті

Esil University-де «Менің Республикам — менің мақтанышым» атты кураторлық сағат өтті

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушылары А.М. Баймуханова және М.А. Темирбулатова Б-ӘЖ-25/1Қ тобының студенттеріне «Менің Республикам — менің мақтанышым» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кездесуде Республика күнінің тарихы, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері және еліміздің жетістіктері қарастырылды. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызына, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударылды.

Студенттер жастардың қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті және мәдени мұраны сақтаудағы рөлін талқылап, тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара отансүйгіштік сезімді нығайтуға және ел болашағына азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Esil University-де «Менің Республикам — менің мақтанышым» атты кураторлық сағат өтті
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →