Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де кредиттің мәні мен функцияларына арналған ашық сабақ өтті

Esil University-де кредиттің мәні мен функцияларына арналған ашық сабақ өтті

«Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Гаухар Дуйсенбаевна Илесова Б-Фин 25/1 К тобының студенттеріне «Кредиттің мәні, қажеттілігі және функциялары» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

Сабақ барысында студенттер кредиттің экономикалық мәнін, қажеттілігін және негізгі функцияларын талқылады. Практикалық бөлімде кейстерді шешіп, қаржылық есептеулер жүргізді және интерактивті тапсырмаларды орындады.

Сабақ теориялық білімді практикамен ұштастыруға, қаржылық сауаттылық пен талдау дағдыларын дамытуға бағытталды. Студенттер ұсынылған жағдайлар бойынша өз шешімдерін негіздеп, пікірталасқа белсенді қатысты.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →