Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де практикалық тапсырмаларды орындаудағы академиялық адалдық мәселелері талқыланды

Esil University-де практикалық тапсырмаларды орындаудағы академиялық адалдық мәселелері талқыланды

«Экономика 26/1» және «ДБ 26/1» топтарында «Практикалық тапсырмаларды дайындау кезінде академиялық адалдық нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары А.Ж. Әден және М.Т. Жусупова жүргізді.

Семинар барысында плагиатқа жол бермеу, зияткерлік меншікке құрметпен қарау және дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау мәселелері қарастырылды. Студенттерге «Антиплагиат» жүйесінің жұмысы және жасанды интеллектіні пайдалану кезінде академиялық адалдықты сақтаудың маңызы түсіндірілді.

Студенттер «Саясаттану» пәні бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудағы академиялық адалдық және университеттегі құқықтық тәртіп тақырыптарында рефераттар, баяндамалар мен эсселер дайындады. Семинар оқу тапсырмаларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →