Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де академиялық адалдық тақырыбында ашық пікірталас өтті

Esil University-де академиялық адалдық тақырыбында ашық пікірталас өтті

Б-Тур 25/1 тобының кураторы Сәбидолла Ерсайын Дулатұлы «Жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық» тақырыбында ашық пікірталас сабағын өткізді.

Қатысушылар плагиат, көшіру, тапсырмаларды өз бетінше орындамау, шынайы емес деректерді және жасанды интеллектіні орынсыз пайдалану жағдайларын талдады. Студенттер өз пікірлерін білдіріп, ұсынылған жағдайларды шешу жолдарын қарастырды.

Кездесуде дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау, уақытты жоспарлау және жұмыстарды дербес орындаудың маңызы түсіндірілді. Пікірталас академиялық мәдениетті, сыни ойлауды және жеке жауапкершілікті дамытуға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →