Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Республика күніне орай кураторлық тәрбие сағаты өтті

Республика күніне орай кураторлық тәрбие сағаты өтті

Esil University-де 25 қазан – Республика күніне орай студенттердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ел тарихына құрмет сезімін арттыруға бағытталған кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға АЖ 25/22 Қ, АЖ 25/23 Қ, АТДҚ 25/22 Қ, АТДҚ 25/23 Қ және ЕТБҚ 25/23 Қ топтарының студенттері қатысты.

Тәрбие сағаты барысында Республика күнінің тарихи маңызы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттік рәміздердің мәні және жастардың ел болашағы алдындағы жауапкершілігі талқыланды. Студенттер ел тарихы мен жетістіктері туралы пікір алмасып, азаматтық жауапкершілік пен туған жерге деген құрметтің маңызын атап өтті.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар студенттердің ұлттық сана-сезімін нығайтуға, патриоттық ұстанымын қалыптастыруға және ел дамуына деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →