Esil University-де «Құқық» кафедрасының PhD докторы, доцент міндетін атқарушы Д.Б. Қалмағанбетова «Құқықтану» білім беру бағдарламасының Қ-24/1 тобының студенттеріне семинар өткізді. Іс-шара академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға және білім беру ортасында кәсіби этика қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Семинар барысында қатысушылар академиялық адалдық қағидаттарын, плагиаттың алдын алу жолдарын, дәйексөздер мен сілтемелерді дұрыс рәсімдеу ережелерін, сондай-ақ оқу және ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде цифрлық технологияларды қолданудың этикалық аспектілерін талқылады. Сонымен қатар академиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер академиялық мәтіндерді жазу және библиографиялық тізімдерді рәсімдеу бойынша сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар өзара құрметке, білімді әділ бағалауға және жоғары білім сапасының стандарттарына негізделген университет мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

.png&w=1080&q=75)