«Туризм» білім беру бағдарламасының Б-Тур 26/1 Қ тобының бірінші кіші тобында «Менің Республикам — менің мақтанышым» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шара Республика күніне арналды.
Кездесуде Республика күнінің тарихи маңызы, егемендік, ұлттық бірлік және азаматтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Студенттердің ел тарихы мен мәдени мұрасына құрметін арттыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ жастардың Қазақстанның ғылыми, экономикалық, мәдени және туристік әлеуетін дамытудағы рөлі талқыланды. Кездесу қорытындысында бейбітшілік пен келісімді сақтау және ел болашағына жауапкершілікпен қарау маңызы атап өтілді.

