Б-ЕжА 26/1 Қ тобының студенттері Республика күніне арналған «Менің Республикам — менің мақтанышым!» атты кураторлық сағатқа қатысты. Іс-шара отансүйгіштік сезімді нығайтуға және Қазақстан тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталды.
Кездесуде Қазақстанның егемендік алу тарихы, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдері және Республика күнінің тарихи маңызы туралы ақпарат ұсынылды. Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен тәуелсіздік құндылықтарына ерекше назар аударылды.
Студенттер Отанға құрмет, ұлттық бірегейлік пен мәдени құндылықтарды сақтау туралы пікір алмасты. Кездесу жастардың азаматтық ұстанымын және ел болашағына жауапкершілігін нығайтуға арналды.

