Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Қаржы» бағдарламасының студенттері академиялық адалдық қағидаттарын талқылады

«Қаржы» бағдарламасының студенттері академиялық адалдық қағидаттарын талқылады

Б-Фин 25/1 Р және Б-Фин 26/23 Р топтарының кураторы А.Т. Джумабекова «Аралық бақылау кезінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кездесуде бақылау тапсырмаларын өз бетінше орындау талаптары, бағалау ережелері және академиялық адалдық нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылды. Бағалаудың объективтілігі мен академиялық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысында студенттер аралық бақылау кезінде академиялық адалдық қағидаттары мен белгіленген ережелерді сақтау туралы шешім қабылдады.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →