Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де заманауи студенттің құндылықтары талқыланды

Esil University-де заманауи студенттің құндылықтары талқыланды

Esil University-де «Қаржы» білім беру бағдарламасының бірінші курсындағы «Қаржы-1» және «Қаржы-2» топтарының қатысуымен «The values of modern student» («Заманауи студенттің құндылықтары») тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Е.А. Юнисов, Э.М. Нураханова, Г.Е. Мусаканова, К.Ж. Отызбаева, Б.И. Кудайбергенова, Н.А. Хайрулова, А.Б. Садуакасова, А.М. Сапаров, А.М. Тынымбаева, А.Ж. Бейсенова және Г.Н. Науанова өткізді.

Қатысушылар адамгершілік құндылықтар, академиялық адалдық және білім алуға жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады. Кездесу студенттердің сыни ойлау, өз пікірін дәлелді жеткізу дағдыларын дамытуға және тұлғалық әрі кәсіби өсуге ынталандыруға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →