Esil University-де кураторлар А.Е. Айтхожина мен И.Н. Михайлина Б_ЕжА_24/1 Қ және Б_УиА 24/1 Р топтарының студенттеріне «Академиялық адалдық — сапалы білімнің негізі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Қатысушылар академиялық адалдық қағидаттары мен оқу тапсырмаларын адал орындау талаптарын қарастырды. Плагиаттың алдын алуға, көшіруге жол бермеуге, өз бетінше жұмыс істеуге және ақпарат көздеріне сілтемелерді дұрыс рәсімдеуге ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында студенттер жазбаша жұмыстарды дайындау, практикалық тапсырмаларды орындау және зерттеулер жүргізу кезіндегі академиялық этика нормаларын қарастырды. Сондай-ақ оқу қызметінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен пайдалану мәселелері қозғалды.

