Esil University-де «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» білім беру бағдарламаларының төртінші курс студенттерінің Қаржы орталығы өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара жастардың кәсіби дамуы мен мемлекеттік қызметтегі мансап мүмкіндіктеріне арналды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті іске асыратын «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасына ерекше назар аударылды.
Іс-шара талантты әрі бастамашыл жастарды мемлекеттік қызметке тартуға және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталды. Кездесу студенттердің мансап мүмкіндіктері туралы түсінігін кеңейтіп, университеттің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етті.

