Кураторлар А.З. Абдрахманова және А.И. Акмолдина Б-ИС-26 және ИТЗД-23/1 топтарының студенттеріне «Жасанды интеллект және академиялық адалдық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кездесуде дереккөздерге сілтеме жасау, плагиат пен көшіруге жол бермеу, академиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ білім алушылардың құқықтары мен апелляция беру тәртібі түсіндірілді.
Практикалық жағдайларды талдау барысында жасанды интеллектіні қолдану тапсырма талаптарына сай болуы, алынған ақпарат тексеріліп, оны пайдалану тәсілі көрсетілуі керектігі атап өтілді. Генерацияланған мәтінді өз жұмысы ретінде ұсынуға жол берілмейтіні және талдау мен қорытындыларды студенттің өзі жасауы қажеттігі түсіндірілді.

