Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Егемен елдің айбыны» тақырыбындағы кураторлық сағат

«Егемен елдің айбыны» тақырыбындағы кураторлық сағат

Esil University-де Дм 25/1 тобының студенттеріне Қазақстан Республикасының күніне орай «Егемен елдің айбыны» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы Шаймерденова А.К. ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – студенттердің бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында студенттер Республика күнінің тарихи маңызын, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның рөлін талқылады. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің, ана тілінің және ұлттық мәдениеттің ел бірлігін нығайтудағы маңызына назар аударылды. Егемендіктің мәні мен әрбір азаматтың бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтаудағы жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

Қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның дамуына жастардың қосатын үлесі туралы пікір алмасып, білім алудың, оқуға жауапкершілікпен қараудың және қоғамдық құндылықтарды құрметтеудің маңызын атап өтті. Іс-шара соңында куратор студенттерді Қазақстан Республикасының күнімен құттықтап, оларға бейбітшілік, амандық және жаңа жетістіктер тіледі.

«Егемен елдің айбыны» тақырыбындағы кураторлық сағат
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →