Эк. 25/1 Қ тобында «Аралық бақылау тапсыру кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы З.М. Амишева жүргізді.
Кездесу барысында тапсырмаларды өз бетінше орындау, көшіруге жол бермеу, рұқсат етілмеген ақпарат көздері мен электрондық құрылғыларды пайдаланбау талаптары түсіндірілді. Академиялық адалдықтың білімді әділ бағалау мен сапалы білім алудағы маңызы атап өтілді.
Студенттер аралық бақылау кезінде туындауы мүмкін жағдайларды талқылады. Куратор академиялық бұзушылықтардың салдарына тоқталып, оқу нәтижелеріне жауапкершілікпен қараудың және белгіленген ережелерді сақтаудың маңызын түсіндірді.

