Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University өкілдері Державинск қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді

Esil University өкілдері Державинск қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді

Esil University өкілдері Ақмола облысы Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Николай Островский атындағы жалпы білім беретін мектепте, Надежда Крупская атындағы №1 мектеп-гимназиясында және Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулерге кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.Ө. Аханов және «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Ұ. Мұхиядин қатысты.

Іс-шаралар барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, мемлекеттік білім беру гранттары және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар университетке қабылдау талаптары түсіндіріліп, болашақ талапкерлердің сұрақтарына жауап берілді.

Кездесулер оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына қолдау көрсетуге және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Esil University өкілдері Державинск қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді
Esil University өкілдері Державинск қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →