Б-СР 25/1 Р тобының кураторы Анар Ризабековна Алиева «Академиялық адалдық және парасаттылық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кездесу студенттердің оқу үдерісіне саналы әрі жауапты көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Қатысушылар тапсырмаларды өз бетінше орындау, пайдаланылған дереккөздерді дұрыс рәсімдеу және көрсету талаптарын қарастырды. Плагиатқа, көшіруге, деректерді бұрмалауға жол бермеу және академиялық талаптарды бұзудың салдарына ерекше назар аударылды.
Студенттер практикалық жағдайларды талқылап, академиялық бұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы пікір алмасты. Кездесу адалдық, жауапкершілік, құрмет пен әділдік құндылықтарының білім алудағы және болашақ кәсіби қызметтегі маңызын түсінуге ықпал етті.

