6В11401/7М11401 «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін практика базасы — «SOS Астана балалар ауылы» мекемесіне көшпелі іс-шара ұйымдастырылды.
Қатысушылар мекеменің қызметімен, балаларға әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету бағыттарымен және олардың дамуына қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру ерекшеліктерімен танысты. Балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және отбасын қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында білім алушылар әлеуметтік жұмыстың практикалық міндеттерін, пәнаралық өзара іс-қимылды және балалармен әрі отбасылармен жұмыс істеудегі жеке тәсілдің маңызын талқылады. Іс-шара кәсіби жауапкершілікті қалыптастыруға және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.


