Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері «Мың бала» жобасының гала-концертіне қатысты

Esil University студенттері «Мың бала» жобасының гала-концертіне қатысты

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетіне қарасты «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырған республикалық «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік жеңімпаздарының гала-концерті өтті.

Іс-шараға «Қаржы» білім беру бағдарламасының Б-Қаржы 25/23 Қ тобының 2-курс студенттері қатысты.

Жобаға қатысу студенттердің мәдени танымын кеңейтуге, этносаралық келісімді нығайтуға және Қазақстан халықтарының тілдеріне, дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті. «Мың бала» жобасы мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыруға, мәдени әралуандықты қолдауға және Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →