Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері «Мың бала» гала-концертін тамашалады

Esil University студенттері «Мың бала» гала-концертін тамашалады

«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының Б-АЖ 26/1 тобының студенттері куратор М.А. Сексембаеваның жетекшілігімен Астана қаласындағы Оқушылар сарайында өткен «Мың бала» жобасының гала-концертін тамашалады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі аясында өткізілген іс-шара мемлекеттік тілді дәріптеуге, этносаралық келісімді нығайтуға және мәдени мұраны сақтауға бағытталды.

Концертке бару кафедраның тәрбие жұмысының бір бөлігі болды. Іс-шара студенттердің ұлттық құндылықтар мен Қазақстанның мәдени әралуандылығы туралы түсінігін кеңейтуге, азаматтық жауапкершілігі мен отансүйгіштік сезімін нығайтуға ықпал етті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →