Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University өкілдері Жалтыр ауылында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді

Esil University өкілдері Жалтыр ауылында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді

Esil University өкілдері Ақмола облысы Астрахан ауданының Жалтыр ауылындағы №1, №2 және №3 жалпы білім беретін мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулерге кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.Ө. Аханов және «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Ұ. Мұхиядин қатысты.

Іс-шаралар барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, мемлекеттік білім беру гранттары, академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар шетелде оқу мүмкіндіктері таныстырылып, университетке қабылдау талаптары түсіндірілді.

Кездесулер аясында болашақ талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шаралар оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына қолдау көрсетуге және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Esil University өкілдері Жалтыр ауылында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →