Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Академиялық адалдық — сапалы білімнің негізі

Академиялық адалдық — сапалы білімнің негізі

«Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Т.К. Бекжанова және Б-ЕжА 26/1 тобының кураторы М.К. Успабаева бірінші курс студенттеріне «Академиялық адалдық — сапалы білімнің негізі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кездесуде академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, академиялық этика талаптарын бұзудың салдары, плагиат және жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері қарастырылды. Студенттерге ақпаратты пайдаланудың рұқсат етілген тәсілдері мен дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау талаптары түсіндірілді.

Қатысушыларға тапсырмаларды өз бетінше орындау, уақытты жоспарлау және түсініксіз жағдайларды оқытушымен талқылау жөнінде практикалық ұсынымдар берілді. Іс-шара жауапкершілікті, сыни ойлау мен өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →