Б. Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжінде кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Esil University атынан кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Берик Утельбаевич Аханов және кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекші маманы Азамат Серикович Нурсеитов қатысты.
Іс-шараға Жараспай жалпы білім беретін мектебінің, М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің, Қарой және Байтуған жалпы білім беретін мектептерінің, Пушкин негізгі орта мектебінің, Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебінің (ресурстық орталығының), Абдолла Асылбеков, Сәкен Сейфуллин, К. Шайменов, Әлихан Бөкейхан және Рахымжан Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.
Кездесуге А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, «Болашақ» университетінің және Қарағанды индустриялық университетінің өкілдері де қатысты. Іс-шара оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына қолдау көрсетуге және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.


