DBA, аға оқытушы А.А. Медетбекова Б-ӘЖ-25/1 тобының 1–5 кіші топтарындағы екінші курс студенттеріне «Академиялық адалдық — сапалы білім мен кәсіби жауапкершіліктің негізі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Кездесуде плагиат, көшіру, деректерді бұрмалау, авторлық құқықты бұзу және тапсырмаларды өз бетінше орындамау мәселелері қарастырылды. Студенттер практикалық жағдайларды талдап, академиялық талаптарды бұзудың салдарын талқылады.
Ғылыми дереккөздерді дұрыс пайдалану мен сілтемелерді рәсімдеуге ерекше назар аударылды. Қатысушылар академиялық адалдықтың сапалы білім алуға, дербестік пен кәсіби жауапкершілікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.


