«Қаржы» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында үшінші, екінші және қысқы қабылдау бойынша бірінші курс докторанттары Томирис Мусалимова, Нурдаулет Атирхан және Руслан Жашкеев есеп берді.
Докторанттар академиялық күнтізбе мен жеке жұмыс жоспарларына сәйкес атқарылған жұмыстарын таныстырды. Кафедра мүшелері зерттеулер бойынша сұрақтар қойып, диссертациялардың ғылыми мазмұнын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берді. Есептердің докторлық диссертацияларды орындау туралы ереже талаптарына сәйкестігі атап өтілді.
Семинар қорытындысында «Қаржы» кафедрасының бірінші курс докторанттарының диссертация тақырыптары талқыланып, бекітілді.


