Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Киберқауіпсіздік және дропперліктің алдын алу бойынша кураторлық сағат

Киберқауіпсіздік және дропперліктің алдын алу бойынша кураторлық сағат

Esil University-де куратор Ромханқызы Жансұлу ӘЖ 25/1 Қ 5-топ студенттеріне «Студент жастар арасындағы киберқауіпсіздік және дропперліктің алдын алу: тәуекелдер мен құқықтық жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кездесу барысында цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері, жеке және банктік деректерді қорғау тәсілдері, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары қарастырылды. Банк карталарын, шоттарын, SIM-карталарын және растау кодтарын бөгде адамдарға берудің тәуекелдеріне, сондай-ақ заңсыз қаржылық операцияларға қатысқаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер алаяқтық ұсыныстардың белгілерімен және күмәнді жағдайлардағы іс-қимыл тәртібімен танысты. Кездесу соңында қатысушылар сұрақтар қойып, жеке ақпаратты қорғау және дропперлік схемаларға тартылудың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар алды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →