Esil University-де Эк. 25/1 Қ және ӘЭ 25/1 Қ топтарының студенттеріне «Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы З.М. Амишева ұйымдастырды. Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру және мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтар мен ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, тарихи жетістіктері мен ұлттық құндылықтары туралы ақпарат алды. «Отан дегеніміз не?» тақырыбында пікір алмасып, «Мен Қазақстанды білемін!» атты танымдық викторинаға қатысты. Сонымен қатар «Менің елімнің болашағы» тақырыбында топтық жұмыс жүргізіліп, жастардың ел дамуына қосатын үлесі талқыланды.
Кураторлық сағат өз мақсатына жетіп, студенттердің патриоттық сезімдерін нығайтуға, Қазақстанның тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)