Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«HR-менеджмент» пәні бойынша практикалық сабақ

«HR-менеджмент» пәні бойынша практикалық сабақ

Esil University-де «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Канатова С.К. «Менеджмент-24/1-Қ» тобының 3-курс студенттеріне «HR-менеджмент» пәні бойынша «Ұйымның персоналды басқару стратегиясы» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

Сабақ барысында студенттер персоналды басқару стратегиясының мәні мен негізгі түрлерін, оны әзірлеу кезеңдерін және ұйымның жалпы стратегиясымен байланысын қарастырды. Практикалық тапсырмалар орындап, жағдаяттық кейстерді талдап, персоналды басқару тиімділігін арттыру жолдарын ұсынды.

Сабақ оқу жоспарына сәйкес өткізілді. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алатынын көрсетті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →