Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Менің Республикама деген мақтанышым» атты кураторлық сағат

«Менің Республикама деген мақтанышым» атты кураторлық сағат

Esil University-де «Туризм» білім беру бағдарламасының Б-ТУР-23/1 қ және Б-ТУР-25/22 қ топтарының студенттеріне Қазақстан Республикасының күніне орай «Менің Республикама деген мақтанышым» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара патриотизмді тәрбиелеуге және елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды.

Кураторлық сағатты «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Муслимбекова М.А. өткізді. Студент Айдынқызы А. Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, ұлттық мерекенің маңызы және тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктері туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында ұлттық бірлік, мәдени құндылықтарды сақтау және жастардың қазіргі Қазақстанды дамытудағы рөлі талқыланды. Кураторлық сағат студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтуға, туған елдің тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →