Esil University-де «Қаржы 25/1 Қ» тобының студенттеріне Қазақстан Республикасының күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер мерекенің тарихи маңызы, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері және еліміздің тәуелсіздікке жету жолы туралы ақпарат алды. Қазақстан Республикасының күні мемлекеттіліктің, тәуелсіздікті нығайтудың және ұлттық рухтың символы ретінде ерекше атап өтілді.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, Қазақстан тарихы мен ұлттық құндылықтар туралы білімдерімен бөлісті. Іс-шара патриотизмді тәрбиелеуге, тарихи мұраға құрметпен қарауға және ел болашағына деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)