Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Тәуелсіздік — тұғырым» патриоттық акциясы

«Тәуелсіздік — тұғырым» патриоттық акциясы

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушылары Гиззатжанова А.Г., Амангелді Е.М., Баяндинова А.М. және Елеусиз Л.Т. «Туризм» білім беру бағдарламасының Б-Тур-25/1Қ тобының студенттеріне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік — тұғырым» атты патриоттық акция өткізді.

Іс-шара барысында студенттер егемен Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, тәуелсіздіктің тарихи маңызы және еліміздің жетістіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар жастардың мемлекет дамуына, ұлттық бірлікті, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға қосатын үлесі талқыланды.

Акция патриотизмді, азаматтық жауапкершілікті және Отан тарихына деген құрметті нығайтуға бағытталды. Іс-шара тәуелсіздіктің халық үшін ең қымбат құндылық екенін және ұлттық құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізудің маңызын тағы бір мәрте айқындады.

«Тәуелсіздік — тұғырым» патриоттық акциясы
«Тәуелсіздік — тұғырым» патриоттық акциясы
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →