Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Қазақстан тарихы — ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір

Қазақстан тарихы — ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір

«Туризм», «Digital Marketing», «Менеджмент» және «Кеден ісі» білім беру бағдарламаларының студенттері Республика күніне арналған іс-шараға қатысты. Кездесуді «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының аға оқытушылары Ж.К. Курмангалиева және А.А. Медетбекова ұйымдастырды.

Қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін, ұлттық рәміздердің маңызын және тарихи жадты сақтаудағы жастардың рөлін талқылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Венгриядан келген студент Дэвид Тороктың қатысуы кездесудің мәдениетаралық мазмұнын толықтырды.

Кездесуде тарих пен ұлттық мәдениетті білудің болашақ мамандардың кәсіби қызметіндегі маңызы атап өтілді. Іс-шара азаматтық жауапкершілікті, отансүйгіштік құндылықтарды және мәдени әралуандылыққа құрметті нығайтуға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →