«Есеп және аудит» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Б.А. Жуматаева және экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Ж. Айтхожина «Статистика» бағдарламасының екінші курс және «Есеп және аудит» бағдарламасының үшінші курс студенттеріне кураторлық сағат өткізді. Кездесу «Статистика негіздері» және «Басқарушылық есеп 1» пәндерін оқудағы академиялық адалдыққа арналды.
Студенттер деректерді бұрмалау, бақылауларды негізсіз алып тастау, өнімнің өзіндік құнын әдейі төмендету және өзге топтың жұмысын пайдалану жағдайларын талдады. Нақты мысалдар арқылы мұндай әрекеттердің қорытындылар мен басқарушылық шешімдердің негізділігіне әсері қарастырылды.
Оқытушылар дереккөздерді көрсету, есептеулерді тексеру, топ мүшелерінің жеке үлесін белгілеу және жасанды интеллектіні қолдану сипатын ашық түсіндіру қажеттігін атап өтті. Кездесу академиялық адалдықтың болашақ статистиктер мен бухгалтерлердің кәсіби этикасымен байланысын түсінуге бағытталды.

