Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Менің Республикам» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Esil University-де «Менің Республикам» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

«Менеджмент» және «DPA» топтарының бірінші курс студенттері Республика күніне арналған «Менің Республикам» тақырыбындағы тәрбие сағатына қатысты.

Іс-шараны саясаттану және философия пәндерінің оқытушылары М.Т. Жусупова, А.Ж. Әден, М.Қ. Жақан, А.Ч. Ешниязова және А.А. Жукенова өткізді. Қатысушылар Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихын, егемендік пен халық бірлігінің маңызын талқылады.

Пікір алмасу барысында отансүйгіштік және жастардың ел дамуына қатысуы мәселелері қарастырылды. Кездесу студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық тарихқа құрметін қалыптастыруға бағытталды.

← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →