Бағдат Көркем Тұрашқызы
Бағдат Көркем Тұрашқызы (Б-Ст-26/1Р-2 тобы) «Үздік студент» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсеткені үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Байқау іріктеуіне ол эссе мен портфолио дайындады: математика және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадалардың нәтижелері, мектеп парламентіндегі көшбасшылық, футбол, волейбол, баскетбол және гандбол бойынша спорттық марапаттар. Көркемнің жұмысы байқау талаптарына сай деп танылып, ол 2026 жылғы 31 қазанда Астанада өтетін «Үздік студент» республикалық форумына шақырылды.















