Esil University-де «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының докторанттарына арналған «Бухгалтер эволюциясы: есеп жүргізушіден стратегиялық кеңесшіге дейін» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті. Іс-шара М.К. Алиевтің жетекшілігімен, докторанттар Г. Китапова мен Тушинскийдің қатысуымен ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында бухгалтерлік есептің цифрлық трансформациясы, жасанды интеллектті енгізу, есеп жүргізу үдерістерін автоматтандыру және талдамалық құзыреттіліктерді дамыту мәселелері талқыланды. Қазіргі жағдайдағы бухгалтердің рөлінің өзгеруіне, тәуекелдерді басқаруға және мамандардың стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысуына ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ғылыми пікір алмасып, есеп және аудит саласындағы зерттеулердің перспективалық бағыттарын қарастырды, сондай-ақ болашақ бухгалтердің негізгі кәсіби құзыреттіліктерін айқындады. Іс-шара докторанттардың зерттеу дағдыларын дамытуға және бухгалтерлік есептің заманауи үрдістері туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)