Esil University-де «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті. Іс-шараға Астана қаласы Байқоңыр ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры А.Е. Болатов қатысты.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік, интернет-алаяқтық және буллингтің алдын алу жолдары мен олардың құқықтық салдарына ерекше назар аударылды.
Студенттер прокуратура өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер алды. Кездесу жастардың құқықтық білімін кеңейтуге және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)